«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бас қалада тағы да екі саябақ ашылады

0 20

Жақында Нұр-Сұлтан тұрғындары тағы да жаңадан ашылатын екі саябақта  серуендейтін болады. Мұндай жаңалықты Facebook-тегі парақшасында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жария етті.

Саябақтарды Бейбітшілік және келісім сарайынан бастап «Нұрлы жол» вокзалына дейін 6 шақырымды алып жатқан «Мыңжылдық» аллеясының бойынан орналастыру жоспарланған.
«Жоспарымыз бойынша аллеяның өзі де «Нұржол» желекжолы, Президент саябағы, Бәйтерек, Ғашықтар саябағы бойынша қаланың орталық бөлігін жалғастыратын үлкен әрі демалушыларға ыңғайлы жасыл саябаққа айналады. Желекжолдың нақ ортасында орналасатын жаңа Қазақ драма театры осы жердің ең басты нысаны болмақ. Ал оны бойлай ұлттық, азиялық және еуразиялық сәулет стилінде тұрғын үйлер салынады» деп жазды Б.Сұлтанов.
Аллеяның орталық желекжолын жобалау бойынша байқау жария­ланған. Ал жақында өткен қала құ­рылысының кеңесінде оны айнала қоршайтын тұрғын үй кешен­дерінің жобалары қаралды. «Мыңжылдық» ауданының жаңа келбетіне қалалық­тар өз бағасын беретініне сенім­дімін» деп жазды қала басшысы. «Мыңжылдық» аумағының ауданы 1,2 мың гектарға жуық. Аумақтың 10 пайызы игеріліп, жол және инженерлік желі­лерінің 50 пайызы салынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды