Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

Бас қалада Астана туралы шетелдік фотосуретшінің көрмесі ашылды

Кеше Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Бейбітшілік және келісім сарайында фотограф Жан-Франсуа Розьенің «Гипер Астана» атты фотокөр­месін салта­натты жағдайда ашты. 12 ақпанға дейін жалғасатын көрмеге елорданың ажарын ашып тұрған көрікті ғимараттары­ның автордың қиялымен көркемделген отыздан астам фотосуреті қойылды.

kbb_8568

Гиперфотосурет жанры­ның негізін қалаушы Жан-Франсуа Розье был­тырғы мамыр айында Аста­наға келіп, елорданың сәулетіне тамсанып, Қазақ­станның астанасы туралы жоба жасауды ұйғарды. Елорданы армансыз аралап, 80 мыңдай кадр түсірді. Бұл туралы өзі:
«Астана кө­шелерінде әр қа­дам басқан сайын осы жер­де батыс және шығыс мә­де­ниетінің тоғысып тұр­ға­нын байқадым. Мені бұл жерде тамаша қарсы алды, Астана халқы өте қонақжай екен. Ал осынау кең далада, Қазақ­станның кіндігінде орын теп­кен футуристік стиль­дегі ғимараттар мені таң­ғал­дырды» дейді автор.
Фотосуретші өзі түсірген суреттерден альбом да жасап шықты. Сулы-нулы желекжолы, «Астана-Арена» стадионы, Назарбаев университеті, «Қазмедиа» орталығы, Хан Шатыр, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Тәуелсіздік сарайы, Ұлттық музей, «Қазақстан» орта­лық концерт залы, өзге де ғи­марат­тардың суреттері қы­зықты ракурста енгізілген. Соның бі­разын көрмеге барып, тама­шалауға болады. Осының ішінде «ЭКСПО» көрмесінің аумағы, ондағы жұмысшылардың көңіл-күйі әдемі берілген.
Кейбір фотосуреттерді автор қазақтың ұғымына, салт-дәстүріне жақындатып жасаған. Мәселен, анықтап қараған адам сәукеленің формасын көре алады. Ал суреттерді жасаудың әдістері туралы айтсақ, фото­суретші өзі түсірген нысанды бірінің үстіне бірін мінгі­зіп, қиялына ерік береді. Әрине, осының бәрі сандық техноло­гияның күшімен атқарылады. Мұның өзіне бірнеше адам қатысады, фотосуретшінің бір­неше көмекшісі бар.
Ол Астанада фотоға түсірген ғимараттарды, негізінен, Аста­наның байырғы әріптесі – «Sembol Construction» компаниясы салған. Жан-Франсуа Розьені Астанаға шақырып, фотокөрме өткізуге демеу көр­сеткен де осы компания. Фо­то­көрменің өзі аталған құ­рылыс ұйымының туған күніне орайластырылған.
Бір сөзбен түйіндеп айтқанда, фотосуреттерді тамашалап жү­ріп, ертегі қалашығына енгендей кейіпке енесіз. «Гиперфото» жобасының өзін автордың дүниеге әкелгеніне биыл 15 жыл толады. Осы уақытқа дейін Франция, АҚШ, Бельгия, Ресей халқы фотосуретшінің жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, осы си­паттағы фотосуреттер жеке жидаларға да алынды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*