«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бас қала – мереке қарсаңында

0 20

Биыл елорда күнін мерекелеу аясында 108 шара өткізіледі, соның ішінде 73 шараға қатысу тегін.

Ең маңызды оқиғалар – елорда күніне арналған мерекелік шараларға бастау беретін Мемлекеттік ту көтеру салтанаты, Димаш Құдайбергеннің «Арнау» концерті, «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің фестивалі, әлем суретшілерінің «Astana Art Show» көрмесі, мәскеулік «Современник» театрының гастролі және шілденің 5-і мен 6-сы күндері «Бәйтерек» монументінің алдындағы ашық алаңда өтетін «The Spirit of Eurasia» халықаралық фестивалі. Ресейдің ең танымал ­театры – «Современник» ұжымы Бейбітшілік және келісім сарайында екі спектакль қояды: 3-4 шілдеде сағат 19:00-де – «Горе от ума», 6-7 шілдеде 17:00-де – «Вишневый сад». Мерейтойлық «Астана самалы» Х халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі Нұр-Сұлтан қаласында 4-6 шілде аралығында өтіп, Қазақстан мен шет мемлекеттердің үздік үрмелі оркестрлерінің басын қосады. Биылғы қатысушылар қатарында Нижний Тагилдің үрмелі оркестрі, Алматы шекара әскерлерінің үрмелі оркестрі, Қостанай қаласының үрмелі оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үрмелі оркестрі, ҚР Президенттік гвардиясының үрмелі оркестрі бар.
Мерекелік шараларды Ұлттық домбыра күніне арналған үлкен концерт қорытындылайды. Биыл ол 7 шілде күні «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Шараға ниет білдірген әр адам қатыса алады, ол үшін домбырамен «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көроғлы» күйлерін орындай білу шарт. Мерекеге орай тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған 25 спорттық шара жоспарланған. Соның ішінде елорда күнін мерекелеу­ге арналған шаралар туралы толық ақпарат www.astanaday.kz сайтында жарияланады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды