«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Барыс» бет қаратпады

0 18

Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өз жерінде Словакияның «Слован» клубына қарсы өткізді.

Барыс Аренада өткен ойынды 6235 көрермен тамашалады.
Қонақтар алғашқы кезеңде айтарлықтай қауіпті сәттер тудырғанымен, «Барыс» қақпасын бүтін сақтап қала алды. Астаналықтар қарсылас екпініне тегеурінді тойтарыс беріп қана қоймай, нәтижелі шабуылдар да ұйымдастыра білді. 18-минутта Дмитрий Шевченко есеп ашса, 22-минутта Никита Михайлис есепті еселеді. Ал 40-минутта Кертис Волк гол соғып, матчтың нүктесін қойды.
Бұл – «Барыстың» ҚХЛ-дағы жетінші жеңісі. 18 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші орынға тұрақтап тұр. Енді келесі ойыны бүгін сағат 19:30-да өз айдынында Латвияның «Динамо» клубына қарсы өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды