«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бәрекелді, биші бүлдіршіндер!

0 102

«Жастар» сарайында бүлдіршіндер арасында «Ақ көгершін» респуб­ликалық байқауы өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен балғындар келіп, Астананың 20 жылдығына орай түрлі жанр бойынша бақ сынады.

Астана қаласындағы «Ұлағат» балалар бақшасының бишілер тобы осы кон­курс­та гран-при жеңіп алды. Олардың сол сәттегі қуаныштан бал-бұл жанған жайдары жүздерін көрсеңіз, бәрі бір-бірін жапа-тармағай құттықтаумен болды. Араларында «Ұлағаттың» тәрбиешілері мен ата-аналар да болды.
– Менің немерелерім Нұрәли мен  Мәликаның «Ұлағат» жекеменшік балалар бақшасына барып жүргеніне үш жылдай болып қалды. Мына байқауды да ұйымдастырып отырған «Ақ көгершін» қоғамдық қоры екен. Ал мемлекеттік мекемелер осындай байқауларды көбірек ұйымдастарса өте дұрыс болар еді. Сондай-ақ балабақша мемлекеттік пе, жоқ әлде жекеменшік пе, оған да қарамау керек. Барлығына бірдей мүмкіндік берген жөн. Өйткені талапты да талантты балдырғандар барлық балабақшаларда бар, – дейді байқауды тамашалауға келген ұлағатты ұстаз Сара Нәбижанқызы.
Байқауды ұйымдастырушылар бүгінде тамаша өнерімен бүкіл әлемді тәнті еткен Димаш Құдайбергеновтің осыдан он екі жыл бұрын «Ақ көгершін» сайысында жүлдегер болғанын, сөйтіп оның ән әлеміндегі даңғыл жолын ашылғанын мақтанышпен айтады. Олай болса осы жолы бағын сынаған бүлдіршіндер арасында Димаштың ізбасарлары жүрмегеніне кім кепіл?!. Сондықтан «Ақ көгершін» секілді конкурстардың көп болғаны жақсы.

Асқар АХМЕТОВ,
журналист

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды