«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

0 67

ZAH_7937

Өткен бейсенбі күні «Қазақстан» орталық концерт залында Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында халықпен кездесуі өткізілді.

Іс-шараға Астана қаласының бас­қармалар, коммуналдық кәсіп­орындар басшылары мен ауданның мемлекеттік құрылымдары мен ұйым­дарының қызметкерлері қатысты.

Жиналғандар алдында Астана қала­сы әкімінің орынбасары А.Балаева мен Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Д.Қамзабекұлы Елбасы Жолдауында айтылған бірқатар мә­селелерге тоқталды.

Елдік ұстанымдар, ұрпақ сабақ­тастығы, Мәңгілік ел, білім, ғылым тақырыбында сөз өрбіткен ғалым Д.Қамзабекұлы Жолдаудағы не­гізгі жеті бағыт мемлекеттің өр­кендеуі мен жастардың бола­шағына байланысты жасалатын зор қам­қорлыққа толы екендігін айтты.

 Ал, өз сөзінде Аида Ғалым­қызы «Біздің осы қол жеткен же­­тістігіміз, ең бірінші, елдің бір­лігі мен татулығының, қо­ғам­­дағы саяси тұрақтылық пен ауыз бірліктің арқасында мүм­кін болуда. Тәуелсіздіктің ны­ғая түсуі әр адамның жақсы ниеті мен  жауапкершілігіне байланысты болмақ. Қазір біздің әлеу­мет­тік жағдайымыз жылдан-жыл­­ға жақсарып келеді. Міне, Елба­сының көрегендік саясатының нәти­жесінде құрылған Ұлттық қор­­дан бөлінетін қомақты қаржы сол қол жеткен жетістіктерді тө­мендетпеуге мүмкіндік береді» дей келіп, елордадағы мектеп­ке дейінгі білім беру, баланы балабақшаға орналастыру мәсе­лелерінің өзектілігіне, бұл реттегі мемлекеттік және  жеке меншік әріптестік тетіктеріне, ха­лықты жұ­мыспен қамту саласында атқа­рылып жатқан шаруалардың пәр­менділігіне тоқталды.

ZAH_7907

  Жыл басынан бері  62,6 мың зейнеткерге, 235 соғыс ардагері мен қатысушысына, 19,4 мың мү­гедек пен 5,5 мыңға жуық көп балалы отбасына, 8 мыңнан астам тұрмысы төмен азамат пен көп балалы анаға – барлығы 83 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілген.

– Кейінгі жылдары жастар ара­сында жұмыссыздық деңгейі екі есе азайды. Бұл – елорда сияқты көші-қон қарқыны жоғары қала үшін өте жақсы көрсеткіш. Еңбек ете отырып, ел экономикасын өркендетуге осы жігіттер мен қыздардың қосар үлесі зор. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биіктеп, қарыштап дамуы үшін сапалы білім, саналы тәрбие алған отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындыра алады. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағ­дарламалық құжатында Президент біршама тапсырмалар берді, олардың орындалуына қаражат бөлді. Енді, біз сол белгіленген міндеттерді жүзе­ге асыру үшін жұмысқа белсене кірісуіміз керек» деді қала әкімінің орынбасары.

 

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды