Четверг, 29 Июнь 2017
-->

БАҚЫТТЫ БЕЙНЕ, КҮМІС КҮЛКІ

Астанада «Smile Astana» жобасын жүзеге асыру аясында ең үздік фотосурет немесе эскиз-идеялардың «Бақытты бейне, күміс күлкі» ашық байқауы жарияланды. Мейірімді, ақжарқын, көңілдері көтеріңкі, жүзі жылы, сыпайы адамдардың бейнесін қалыптастыру және қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бағытталған байқау 30 мамырға дейін жалғасады.

img_7881

Байқау әкімшісі – Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы. Ұйымдастырушылар бұл жоба арқылы Астана тұрғындары мен қонақтарының мәдениетін дамыту, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында жаңа мәдени тренд қалыптастыруды көздейтіндерін айтады. Бір кезеңнен тұратын байқау интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде өткізіледі.
Фотосуретте немесе эскиз-идея­ларда мейірімді, ақжарқын, жүзі жылы, сыпайы адамдар бейнесін көрсету керек және фотосурет міндетті түрде Астанада түсірілуі қажет. Ал эскиз-идеяда елорда көрінісі, басты ғимараттар көрсетілуі тиіс.
Фотосурет немесе эскиз-­идея #ақжарқынастана немесе #smileastana хэштегтерімен әлеу­меттік желіге қойылуы шарт. Бұған қоса Астана тұрғындары мен қонақтарын жоғары мәдениет қалыптастыруды қолдауға шақыратын өзекті немесе авторлық цитаталар жазуға болады. Алайда мұны орындау міндет емес.
Жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотосуреті Астанадағы жарнамаларда, LED-экрандарда, қалалық әкімдіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Сонымен қатар мерекелік шараларды безендіру және өткізу барысында брендбуктарда қолданылады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*