Четверг, 22 Июнь 2017
-->

БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАҚ СЫНАДЫ

Елордада журналистер арасында футболдан турнир өтті. Бұл доп додасын ұйымдастыруға Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының Астана қалалық филиалы мұрындық болды.

45443

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің футбол залында өткен турнирге 8 команда қатысты. Олар – «Қазақ радиосы», «Хабар», «Қазмедиа», «Атамекен», «Егемен Қазақстан», «Kazsport», «Спорт 59» және «Жеңіс» командалары.Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, №40 орта мектептің директоры Ербол Іргебай және «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков қатысып, спорт жаңалықтарының жаршысы болып жүрген тілшілерге сәттілік тіледі.Сонымен, екі топтан іріктеліп шыққан төрт команда жартылай финалда кездесті. Ал финалда «Хабар» мен «Жеңіс» командалары ойнап, 3:3 есебі тіркелген матч тағдыры пенальтимен шешілді. Чемпион – «Жеңіс» командасы. Үшінші орын үшін «Егемен Қазақстан» мен «Спорт 59» командаларының арасында өткен ойын 1:3 есебімен аяқталды. Жекелеген номинациялар бойынша – «Үздік ойыншы» Нұрсұлтан Құрман, «Үздік қорғаушы» Елтай Нұрғазин, «Үздік қақпашы» Айбек Қабылша.

 Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*