«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

БАҚ Лига басталды

0 52

Астанада журналистер арасында өтетін БАҚ Лига чемпионатының бесінші маусымы ашылды.

Жаңа чемпионатта 14 команда сынға түсетін болды. Үздіктер бас қосқан «А» лигасында «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Қазмедиа», «Спорт-59», «Хабар-24» және «Elorda aqparat» ұжымдары өзара чемпионды анықтайды.
Жексенбі күні жарыстың салтанатты ашылу рәсімінен кейін «Назарбаев университетінің» спорт кешені алаңында бірінші турдың ойындары өтті. «Хабар» мен «Қазмедиа» арасындағы ойын 5:2 есебімен аяқталса, «Elorda aqparat» – «Егемен Қазақстан» матчы ең көп гол соғылған ойын болып тіркелді. «Елордалықтар» 12:3 есебімен жеңіске жетті. «Спорт-59» командасы «Хабар-24» қақпасына 10 доп соғып, өз қақпаларына 3 доп өткізіп алды.
Журналистер чемпионаты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Астана қаласының футбол федерациясы қолдауымен өткізіліп отыр. «БАҚ Лига» жобасының авторы Әзиз Жұмаділ чемпионаттағы үздік ойындар «Қазспорт» телеарнасы арқылы көрсетілетінін жеткізді. Журналистер чемпионатының ойындары жексенбі күндері өтіп тұрады.

Бексаттар САТТАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды