«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Баннерден тұрмыстық заттар тігеді

0 15

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір топ студенті пайдалы жобаны қолға алыпты. Олар жарамсыз баннерлерден тұрмыстық заттар тігіп, пластик бұйымдарға екінші өмір сыйлауда.

– Қазіргі күні қоқысқа көп кететін дүниелердің бірі – баннерлер. Өйткені жарнама ілетін компаниялар жетерлік, ал олар мерзімі жағынан тез ескіреді. Біз сондай жарамсыз баннерлерді жинап, одан косметика салатын қалташа, қаламсауыт, қыздарға арналған сөмке, кітап-дәптердің және чемоданның қабы секілді тұрмысқа қажетті дүниелерді әзір­лейміз, – дейді команданың мүшесі Ұлболсын Байбек.
Жастар бастапқыда құралдарды қолдан тіккен, кейінірек бір ательемен келіскен. Өйткені кәсіби тігіншілер тауар сапасының жақсы әрі сырт
көрінісінің әдемі болуына көп көмектесетінін түсінген. Жоба авторларының бірі Айдана Касанованың айтуынша, студенттер бірнеше жарнамалық агенттікпен келісімшарт орнатыпты. Яғни олар қажетсіз баннерлерін беріп отырады. Шикізатты тегін алатындықтан, тауарлардың бағасы да базардағы басқа аналогтарына қарағанда әлдеқайда арзан. Мәселен, бір қаламсауыттың өзіндік құны 284 теңге тұрады. Бұған сырғытпа, түйме секілді детальдар, ішін қаптайтын мата және тігіншінің жұмысы кіреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды