БАЛЫҚҚА ОТТЕГІ ЖІБЕРІЛДІ

Балық астаналықтардың ас мәзіріне кіргеніне де біраз уақыт болды. Ал халықты қажет өніммен қамтамасыз ету үшін қала маңындағы су қоймалардың жағдайын жақсарту мен оларды күту маңызды

yyyyyy

Бұл жұмысты Астана қаласы әкімдігі жанынан құрылған «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны абыроймен атқарып келе жатыр. Әдетте, балықтың қырылуына судағы оттегінің төмен болуы себеп. Сондықтан Вячеславка және Қоянды су қоймаларындағы балық және басқа да су жануарларының сақталуы үшін аэрация жұмысы жүргізіледі. Жыл басынан бері үш ай қатарынан мұзға 1293-тен астам ойық жасалып, 765 байланған қамыс қойылды. Шамамен, бүгінге дейін төрт мың текше метр су айдалып, қойма суын оттегімен байытты.

Гүлдана  ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Сонымен қатар

АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған