«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Балаларға қуаныш сыйлады

0 34

 «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету мақсатында «Ботақан» және «Күнім» оңалту-­сауықтыру топтары ашылды.

Салтанатты шара барысында мекеме қыз­­меткерлерінің ұйымдас­­тыруымен бүлдіршіндердің шағын мерекелік концерті көрсетіліп, орталықтың қызыл лентасы кесілді. Шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы әкі­мінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиылған қауымды арнайы топтардың ашылуымен құттықтап, әкімшілік атынан мекемеге балаларға ар­налған арнайы сыйлық­тарын табыс­тады. Сонымен қатар балалар үйімен танысу экскурсиясы ұйымдас­тырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды