Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

Балалар қараусыз қалмасын

Соңғы кездері терезеден құлап кетіп, жазым болатын балалардың саны артып бара жатыр. Көбінесе мұндай жазатайым жағдай балалардың қараусыз қалған кезінде орын алуда.

Астаналық құтқарушылар балалардың терезе жақтауына мініп, құлап кетуіне қарсы жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен 3 тамыз күні Республика даңғылының бойындағы 43А тұрғын үйінің 5 қабатынан бір бала құлап кеткен. Сондай-ақ 6 тамыз күні 187 көшеде орналасқан 14/4 үйдің 4 қабатында оқыс жайдай орын алған. Бүгінде екі балада ауруханада дәрігерлерден ем-дом алып жатыр.

Жалпы өмірде құтқарушылардың балаларды сәтті құтқаруы кездесіп жатады. Мысалы өткен демалыста құтқарушылар терезеден құлап бара жатқан кішкентай баланы аман есен құтқарып алды. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті құтқарылған қыздың жалғыз қалғанын мәлімдеді. Сондықтан да департамент балаларды үйде қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді.

Print Friendly, PDF & Email
ru.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*