Четверг, 29 Июнь 2017
-->

Балалар күлкісі – әлемнің көркі

Қалалық Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2016 жылдың сәуірінде құрылған. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар жалғызбасты қарияларға арнайы қызмет көрсетеді. Халықаралық Балалар күні мерекесі қарсаңында орталық мамандарының мұрындық болуымен «Парасат» мейрамханасында «Балалар күлкісі – әлемнің нұры» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті.

qajrymdylyq1

Шара барысында «Сам­ұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, «Қасиетті жол» оңалту орталығы және «Краунддент» тіс емханасының қызметкерлері балаларды төл мейрамдарымен құттықтады. Балалар мен ата-аналарға арнайы дастархан жайылып, ойын-сауық бағдарламасына құрылған ертеңгілікте қазақ эстрадасының жұлдыз­дары өнер көрсетіп, жиылған қауымды шаттыққа бөледі.
Концерттік бағдарламадан өзге кеш барысында Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармалары атынан орталық ұйымдастырған барша іс-шараларға және балаларының өміріне бей-жай қарамай әрдайым белсенділік танытқан ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан өзге қалалық Денсаулық сақтау басқармасы кәсіподағының филиалы орталықты ЕДШ бөлмесіне еңбектеуге арналған «Тасбақа» құрылғысы үшін ақшалай сертификат табыс­тады. «Таза ниет-Астана» қоғамдық қоры орталыққа сыйлық ретінде «Тепе-теңдік тақтасы» оңалту жабдығының екі данасын сатып алу мүмкіндігін беретін ақшалай сертификат ұсынды. «Мұндай қайырымдылық шараларының жиі өтуі мүмкіндігі шектеулі балалардың көңіліне үміт отын жағып, ертеңге деген сенімдерін нығайтары хақ. Орталығымыз ашылғалы мұндай игі шаралар өте жиі өтеді. Мейірімді, қайырымды азаматтарымыз арамызда өте көп. Бар жақсылықты балаларға қалай жасасақ та жарасады» деді орталық басшысы Рысты Баймағамбетова.

Сабина Сайлаубай

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*