«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Балабақшалар құрылысын талқылады

0 17

Елордада мемлекеттік-­жекеменшік әріптес­тік аясында жалпы сыйымдылығы 1680 орын­дық алты балабақшаның құры­лысы жоспарланған. Мемлекет тарапынан бұл жұмысты ат­қа­руға инженерлік желілері бар жер телімдері беріліп, мемлекеттік сараптама қорытындысы шы­ғарылған жобалық-сметалық құжаттама ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдауларында осыны мәлімдеген қалалық Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағлан Сматаева бұл бағыттағы түйткілдерді жасырмады.Жобаның жалпы құны 7 млрд теңгеден асады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 20 жыл. Яғни, балабақша салынғаннан кейін жеке әріптес тиісті заңнама мен келісімшартқа сәйкес 19 жыл бойы мектепалды тәрбиелеу мен оқыту қызметін көрсетеді. Жеке кәсіпкер мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде балабақша қуаттылығына сай қызмет көрсетуі тиіс.
Жеке әріптесті таңдау бойынша конкурс өткізіліп, келісімшарттар жасалған. Соған сәйкес елордадағы «Бүлдіршін-2012» ЖШС Хусейн бен Талал көшесінде 240 орындық балабақша салуы керек. Сондай-ақ шығыс- қазақстандық «Успех Gold-8» ЖШС бір, Польша мемлекетінің «Термо-клима МК» ЖШС төрт балабақша құрылысына міндеттемелерді алған.
«Қазіргі кезде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік комиссиясы келісімшартқа қосымша келісім шығару бойынша «Бүлдіршін-2012» ЖШС-мен жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке әріптес балабақшаны осы жылдың аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ал «Успех Gold-8» ЖШС мен «Термо-­клима МК» ЖШС құрылысты бастамағандықтан, оларға келісімшартты бұзу туралы хат жіберілді. ­«Термо-клима МК» мұнымен келіспей, мойнына алған міндетті орындаймын деп отыр. Мемлекеттік сараптама қорытындысы шығарылған жобалық-сметалық құжаттаманың мерзімі өтіп кеткеннен кейін жоба қымбаттауы мүмкін. Жеке әріптестің кінәсінен келісімшарт орындалмаса, мемлекеттік әріптес айыппұл өндіріп алуға өтініш беруге құқылы. Қазіргі кезде келіссөздер жүріп жатыр. Егер тараптар келісімге келмесе, мемлекеттік әріптес келісімшартты бұзу үшін сотқа шағым түсіреді» дейді Б.Сматаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды