«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бала қауіпсіздігі бәрінен қымбат

0 11

Бүгінде елорда балабақшаларында орнатылған 2100 бейнебақылау камерасын Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы толық бақылайды. Бұдан былай қалған мекемелерді де бейнебақылау жүйесімен қамтамсыз ету жұмыстарын аталмыш орталық қолға алмақ.

Білім басқармасы бала қауіпсіздігін қатаң бақылау жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып келеді. Мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта 2 мыңға жуық бейнебақылау камераларын орнату қажет. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда 375 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 58 мың бала тәрбиеленуде. Өткен жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 78 пайыз, ал биыл 90 пайызға өскен. Оның ішінде балалардың 36 пайызы жекеменшік балабақшаларға барады. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, көктемге қарай 7 мың орын босап, тиісінше, сонша балаға балабақшаға жолдама берілмек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды