«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Байқа, балақай!

0 12

1 қыркүйекте елордада «Назар аударыңыз: балалар!» жедел-алдын алу шарасы басталды. Рейд 1-30 қыркүйек аралығында өтеді.

Қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, оқу жылының басталуына орай полицейлер мектептер маңындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолақтарын тексеріп шыққан. «Қазіргі кезде 91 мектеп, 100-ден астам балабақша мен шағын орталық, 42 колледж маңына тексерістер жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекемелерге хаттамалар жіберілді. Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобустары тексерілді» дейді аталған ведомство өкілдері.
Сондай-ақ ювеналдық және әкімшілік полиция қызметкерлері балалар мен ата-аналар үшін профилактикалық іс-шаралар өткізеді, жол жүру ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында рейдтер ұйымдастырады. Айта кетейік, шаһарда осы жылдың жеті айы ішінде кәмелетке толмаған балаларға қатысты 67 жол-көлік оқиғасы болған. Соның салдарынан 3 бала мерт болып, 70-і түрлі деңгейде дене жарақатын алған. Ал балалардың кінәсінен болған 37 жол-көлік апаты тіркелген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды