Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

БАҒДАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Астанадағы №82 «Дарын» маманданды­рылған лицейінде Білім күніне арналған мерекелік жиын өтті. Оқушыларды құттықтауға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев келді.

Балаларды жаңа оқу жылымен құттықтауға келген әкім орынбасары Ермек Аманшаев жылы лебізін білдірді.
– Барлығыңызды алғаш­қы қоңыраумен мектеп табал­дырығын тұңғыш аттаған балдыр­ғандарды Білім күнімен құттықтаймын. Биылғы оқу жылының жөні бөлек. Бүгін қала мектептерінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында әр оқушының өз туған жеріне, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыратын ашық сабақтар өтеді. Әрине, өз өлкеңнің тарихын білу өте қажет. Елордамыз – Елбасымыздың төл перзенті. Сондықтан елордадағы білім беру жүйесінің алдындағы мақ­саттар да, мұраттар да биік болуы керек, – деді ол.

Ал №82 «Дарын» мамандан­дырылған лицей директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жамал Қасымбек жаңа оқу жылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы басшылыққа алынатынын айтты.

– Бүгін біздің мектебімізге кішкентай жас достарымыз – бірінші сынып оқушылары алғаш рет қадам басып отыр. Биыл үш бірінші сынып жасақталды. Оларға ортамызға қош келдіңіз­дер дейміз. Мектебіміз өткен жылы оқуын табысты аяқтап, түлектеріміздің барлығы еліміз­дің атаулы үздік жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Оқушыларымыз оқу жылы барысында басқа да жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – ата-аналардың және ұстаздардың еңбегі, – деді білім ордасының басшысы.

Алғашқы қоңырауда «Білім аллеясы» көрмесі ұйымдас­тырылып, оған лицей оқушыла­рының әр пән бойынша қала­лық деңгейдегі жоба жұмыс­тары, «Зерде» зерттеу жұмыс­тары, сонымен қатар респуб­ликалық деңгейдегі робототехника олимпиадасының жүлдегер­лерінің жұмыстары қойылды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*