Вторник, 25 Июль 2017
-->

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ – ЕЛОРДАДА

12 шілде күні Астанада «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында каратэ-додан ересектер және кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Ересектер арасында 14-інші рет, ал кадеттер мен жасөспірімдер арасында 16-ыншы рет өткелі отырған Азия біріншілігі Қазақстанда алғаш рет жалауын желбіретеді. Бұған дейін бұл турнир Малайзия, Сингапур, Жапония және Қытай секілді елдерде ұйымдастырылған.

Елордада өтетін бұл дүбірлі додада 30 елден 700-ден астам қатысушы бақ сынайды. Каратэ-до бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында 70 спортшы сынға түседі. Олардың ішінде әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері бар. Әсіресе, осы спорт түрінен рейтингте 1215 балмен тұрған Ринат Сағындықовты ерекше атау­ға болады.

Байрақты бәсеке кезінде төрешілер үшін «Judge B» санаты бойынша аттестация берілетін семинарлар өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*