«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аяз қарып, үсік шалмасын!

0 37

Кешеден бері күшейіп кеткен қатты аяздың салдары астаналықтарды едәуір әуреге салып отыр. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы температураның төмендеуіне байланысты медициналық көмекке жүгінген адамдар туралы ақпарат ұсынды. Онда үсік шалу салдарынан бір тәулік ішінде медициналық көмекке 14 адам жүгінген.

Оның 12-сі медициналық ұйымдарға жедел-жәрдем бригадасымен жеткізіліп, қалған екеуі өзідігінен келген. Көмекке жүгінген арасында 10 ересек, 4 бала бар. 2017 жылғы бір сәби №2 қалалық балалар ауруханаға жатқызылды, қазір жағдайы бірқалыпты. Қалғандары өздері тіркелген мекенжай бойынша амбулаторлы емдеу­ге жіберілді. Осылайша, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында үсік шалғандар ем-дом қабылдап жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды