«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аружан «Артекке» барады

0 19

Елорда әкімдігі және ресейлік «АРС» компаниясы жетінші мәрте ұйымдастырған «Аялаған Астана-2019» респуб­ликалық телевизиялық балалар байқауында жеңімпаз атанған алматылық Аружан Сабыкенова «Детская новая волна» халықаралық байқауына жолдама алды.

Бұл жолы «Аялаған Астана­ға» еліміздің түкпір-түкпірінен 1800 өтініш келіп түскен. Байқауды ұйымдастырушылар іріктей келе, финалға 12 қатысушыны өткізді. Олардың бесеуі Нұр-Сұлтан қаласынан болды. Балалардың өнерін Гүлнұр Оразымбетова, Рүстем Жүгінісов сынды белгілі әнші­лер, аталмыш байқаудың бас продюсері Лина Арифулина, «Новая волна» және «Детская новая волна» халықаралық бай­қауларының бас продюсері Александр Румянцев бағалады.
Кейінгі жылдары дарынды­лығымен көрініп жүрген жас әншілер Мұхаммедәлі Жүгінісов пен Данэлия Төлешова алдыңғы жылдары осы «Аялаған Астана»бай­қауында топ жар­ғанын айта кетейік. Мұхаммедәлі «Детская новая волнадан» үшінші орынды алса, Данэлия «Көрермендер көзайымы» арнайы сыйлығын иеленді.
29-30 мамыр күндері Қырымдағы әйгілі «Артек» лагерінде өтетін «Детская новая волна» байқауына барып, Қазақстан намысын қорғайтын Аружан жүлделі орынға іліге алар ма екен?
Енді сол жақтан жағымды жаңалық күтеміз. Ал «Аяла­ған Астана-2019» байқауын «Balapan» телеарнасы 1 мамыр күні көрсетуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды