«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Автожолдар ақылы болады

0 44

Бүгіннен бастап Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас автожолдары ақылы болады.

Ақылы жол бөліктеріне жақын аудандардың тұрғындары үшін бір жылдық абонемент бағасы 1000 теңге болады. Оны сол мекенжайда тіркелген автокөлік иелері ғана ала алады. Егер көлік иесі ғана белгіленген мекенжайда тіркеліп, автокөліктің тіркелу орны басқа болса, төлемақы жалпы ережелерге сәйкес алынады.
Жеңіл көлік иелері Астана-Теміртау жолында алдын ала 200 теңге немесе қолма-қол 400 теңге төлеп өте алады. Алматы – Қапшағай жолында алдын ала – 100 теңге немесе қолма-қол – 200 теңге бекітілген. Алматы-Қорғас жолында алдын ала – 300 теңге, қолма-қол 600 теңге төлеу қажет.
Төлем еліміздегі терминалдардан немесе интернет-банкинг арқылы жүргізіледі. Аталған үш автожолмен жүру шұғыл қызметтер, қала маңындағы және қалааралық автобустар үшін тегін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды