«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Авиамаршруттар форумы

0 17

Астанада алғаш рет авиамаршруттар форумы Routes Silk Road-2019 өтеді.

Форумның негізгі идеясы – ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия үшін бағыттарды дамыту. «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-тің хабарлауынша, Routes Silk Road-2019 форумы осы жылдың 15-17 шілдесінде өтеді. Ол аймақтық авиакомпаниялар, әуежайлар мен туризм өкілдерінің басын қоспақ.
Routes Silk Road іс-шаралары 2015 жылдан бері өткізілмей келеді. Соңғы кездесу Грузияда өткен болатын. Бұл форумның елордада өткізілуі қала әкімдігінің Астана Конвеншн Бюросымен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі болып отыр.
– Астана әуежайы үшін «Routes Silk Road» халықаралық көрмесі маңызды оқиға болып саналады. Конференция өзін жоғары деңгейдегі әуежай деп жариялауға, жаңа жолаушылар терминалын ұсынуға, жаңа және қолданыстағы бағыттардың дамуын талқылауға мүм­кіндік береді, – дейді Астана халықаралық әуежайының бас директоры Рәділбек Әдимолда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды