«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ауруханаға жоспарлы түрде жатып емделу жайлы не білеміз?

0 37

Ауруханаға жатып емделудің: шұғыл және жоспарлы түрде деп аталатын екі
түрі бар. Өміріне қауіп төнген жағдайда ауруханаға шұғыл жеткізілген
азаматтардың тегін емделетіні түсінікті. Ол мемлекет кепілдік берген тегін
медициналық көмек пакеті шеңберінде қаржыландырылады. Ал, жоспарлы
түрде ем қабылдау дегеніміз не? Жолдаманы қалай алуға болады?
«Бұл жерде жергілікті емханалар маңызды рөл атқарады. Жоспарлы ем
қабылдау үшін азаматтар тіркелген емханасына баруы тиіс. Медициналық
көмектің бұл түрі созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерге
көрсетіледі. Учаскелік дәрігер сізді қарап, анализ тапсыруға жолдама береді.
Бұл пациентті ауруханаға жатқызу қажеттігін растау үшін қажет. Тексеруден
өткеннен кейін дәрігеріңіз сізге жолдама жазып береді», – дейді «Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира
Оразалиева.

Айтуынша, жатып емделетін аурухананы да учаскелік маманның көмегімен
таңдауға болады. Осыдан кейін жолдама «Ауруханаға жатқызу бюросына»
тіркеледі. Бюро ациенттің аураханаға қай күні жатқызылатынын көбіне
автоматты түрде анықтайды. Ал, онкологиялық, психиатриялық,
наркологиялық диспансерлер, тері-венерологиялық және жұқпалы аурулар
ауруханасы сынды мамандандырылған клиникаларға жату үшін стацинар
қызметкерінің көмегі қажет.

Әрі қарай не істеу керек?

Пациенттің қолына талон беріледі. Талондағы бірегей кодты енгізіп, кезекті
https://bg.eisz.kz/ сайты арқылы бақылап отыруға болады. Кезек келгенге
дейін дәрігердің берген барлық нұсқауларын орындап, мұқият дайындалу
қажет. Стационарда емделуге кедергі келтіретін жағдайлар туындап жатса, ол
туралы емдеуші дәрігерге ертерек хабарлаған дұрыс. Ауруханаға жатарда:
жеке куәлігіңізді, ауруханаға жатқызу талонын, жолдама мен
диагностикалық зерттеулердің қорытындысын өзіңізбен бірге ала баруды
ұмытпаңыз. Егер басқа қаладағы стационарға барып емделетін болсаңыз,
билетті ертерек қамдап қойған дұрыс. Өйткені, Медициналық сақтандыру
қоры жолға кететін шығындарды төлемейді, дейді Забира Оразалиева.
Қандай жағдайда жүйе жолдама беруден бас тартуы мүмкін?

– Пациент қажетті тексерулерден өтпеген болса. Егер ертерек ескертілсе

стационар пациентті бір тәулікке дейін күте алады. Осы уақыт ішінде тиісті

анализдерден өтіп үлгеруге тырысыңыз. Әйтпесе өтінім күшін жояды.

– Ауруханаға жататын тұста жұқпалы аурумен ауырып қалса. Мысалы, өткір

респираторлық вирустық инфекция жұқтырып алған пациенттер

қабылданбайды.Мұндайда айыққаннан кейін қайта хабарласу қажет.

Стационарда жатып емделуге қажетті көрсетілімдер болмаса.

Егер құжаттарды рәсімдеу барысында жоспарлы емге жатқызудан бас тартса

Қордың Халықпен жұмыс жөніндегі департаментінің көмегіне жүгінуге

болады. Телефоны: 8 (7172) 647 023, 8 (7172) 647 066

Электронды пошта: vopros@fms.kz немесе МСҚ сайтындағы «Халықтық

бақылау» бөліміне хат жазыңыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды