-->

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА

Кеше «Хан-шатыр» ойын-сауық сауда орталығында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жүрек күніне орай инсульт пен инфарктің алдын алу мақсатында «Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты шара өтті.

Дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын аталмыш шараға кардиолог, эндокринолог, невропатолог, нутрициолог, диетолог сияқты мамандар жұмылдырылған. Ойын-сауық сауда орталығындағы кез келген елорда тұрғындары мен қала қонақтары осы жерде ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығында» тез арада тегін медициналық тексерістен өтуге, сонымен қатар қандағы глюкоза және холестерин деңгейін, қан қысымын, бұлшық ет салмағының май тіндеріне ара қатынасын есептей отырып, дене салмағы индексін анықтауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, ақ желеңді абзал жандар тексерістен өтушілерге дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, инфарктің алғашқы белгілері туралы кеңес берді. Жүрек киімін киген жастар да көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева мен Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас терапевті Лариса Проско «Ми мен жүрек – адамның ең басты мүшелері. Сондықтан деннің саулығына ерекше мән беріп, үнемі дамытып отыруларыңыз керек. Баршаңыздың ден­сау­лықтарыңыздың мықты болуына тілектеспіз» деді.
Мамандардың сөзіне
сүйенсек, 3 сағаттық ша­ра барысында дәрігерлер 200-ден астам адамға тегін қыз­мет көрсетуге қау­­қарлы көрінеді. Ақ халат­тылардың көмегіне жүгінгендер осыған дейін «Mega Silkway», «Керуен», «Евразия» сияқты ойын-
сауық сауда орталықтарында өткен шараға да қатысқандарын айтты.

Нұрдәулет Кәкішев

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*