«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әуе тасымалы арта береді

0 18

Елордада Routes Silk Road 2019 халықаралық форумы басталды. Үш күнге созылатын ауқымды іс-шарада тіке әуе бағыттарын іске қосу, транзиттік жолаушылар ағынын арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту секілді мәселелер талқыланады.

Аталған жиынға әуе нарығына қатысы бар жергілікті және шетелдік компаниялардан, мемлекеттік органдардан, сондай-ақ қаржылық институттардан 250-ге тарта өкіл қатысуда. Солардың бірі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев:
– Бүгінде Қазақстаннан 27 мемлекетке 98 әуе бағыты бойынша 500-дей рейс бар. Бұл көрсеткіш өсу үстінде. Тек биылдың өзінде Нұр-Сұлтан – Прага, Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр, Нұр-Сұлтан – Токио секілді жаңа бағыттар ашылды, – дейді.
Соңғы 7 жылда біздің еліміз арқылы қатынайтын транзиттік жолаушылар ағыны 20 еседей өскен. Қазіргі таңда ол жылына 900 мыңнан аса адамды құрайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды