«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аударыспақ алаңында – Азия мықтылары

0 97

Аударыспақ жарысы  9 мемлекет арасында өтуде. Қазақстан командасы Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облысының жігіттерінен құралған. Атап айтсақ, Азамат Серғазин (60 келі), Шыңғысхан Ержанов (70 келі), Есімхан Рахматулла (80 келі), Сырым Ізбасаров (90 келі), Біржан Қосалиев (+90 келі) мықты екендерін дәлелдейді. 

Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатында спортшылар 5 салмақ бойынша сынға түсіп жатыр.
Ұлттық спорт түрлерінен бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаевтың айтуынша, құра­ма­мыз Азия чемпионатына жақсы дайындалды. Мамыр айында Тараз қаласында оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда тек аударыспақшылар мен теңге ілушілер ғана емес, жамбы атушы мергендер мен көкпаршылар да жаттықты.
«Қазанат» атшабарында теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты бүгін де жалғасады.
ЮНЕСКО 2021 жылы бүкіләлем­дік бірінші этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отырғанын айта кетейік. Осы әлемдік бәсекені өткізуге үміткер төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан да бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды