«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аттың басын «Тобыл» тартты

0 35

ҚПЛ-дың 17-турында «Астана» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылымен» кездесіп, тең тарқасты.

Ел біріншілігінде ең бірінші келе жатқан «Астанаға» үшінші орындағы «Тобылдың» әжептәуір қарсылық көрсетуге әлеуетті екені анық болды. Өйткені жыл сайын лиганың басты фавориті саналатын екі команданың бірі «Қайрат» дәл осы Қостанайдың командасына есе жіберген еді.
Сондықтан чемпион атағын кезекті маусымда қорғап жатқан «Астана» бұл ойында арқаны кеңге сала алмады. Оның үстіне алда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі күтіп тұр.
Дегенмен қос команданың да өз дегенін жасауына күрт бұзылған күн райы айтарлықтай кедергі келтірді. Екі жақта да есепті ашатындай мүмкіндіктер болды. Бірақ түптің түбінде таразы басы ешқайда аумады. Есеп – 0:0.
«Астана» аттың басын тартқан кезде «Қайрат» аянып қалмады. Өз алаңында «Ертіске» жауапсыз төрт гол соғып, ес жиғызбады. Қалған ойындарға келсек, «Ордабасы» «Қайсардан» – 1:2, «Шахтер» «Ақжайықтан» – 1:2 есебімен ұтылды. Ал «Қызылжар» мен «Ақтөбе» ойыны 2:1 есебімен аяқталса, «Жетісу» – «Атырау» матчында 2:2 есебі тіркелді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды