-->

АТТЕСТАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың қаңтары-маусымы аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмет­ші­лерінің кешенді аттестаттауы өтеді. Осыған орай кеше ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен осы шараға арналған семинар өтті.

dsc_0570

Аталмыш департамент басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тілеген Қаскин аттестаттаудың мақсатын семинар қатысушыларына түсіндіріп өтті.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында отыз дамыған мемлекеттің қатарынан табылу межесін белгіледі. Осы жолда алғашқы реформа ретінде кәсіби мемлекеттік аппараты құру қажет­тігіне назар аударды. Реформаның ең басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс нәтижелігін көтеруге бағытталады. Мемлекеттік қыз­метке нағыз кәсіби мамандар тұру керек. Себебі, олар Елбасы ұсынған саясатты әрі қарай алып кетуі тиіс. Барлық жасалып жатқан реформалардың табыстылығы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты» деді Тілеген Төлегенұлы.
Жалпы кешенді аттестаттау екі сатыдан тұрады. Алғашқы сатыда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің құзыретін бағалау және мемлекеттік қызмет құндылықтарын ұстану деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік тестілеу бағдарламалары өткізіледі. Екінші сатыда аттестаттау комиссиясы әңгімелесу жүргізеді. Соның қорытындысында лауазымға тағайындау, қызметін төмендету немесе жоғарылату, қызметтен босату жөнінде шешімдер шығарылады. Семинар барысында аттестаттау кестесінің жобасы ұсынылып, мемлекеттік органдар өкілдеріне аттестаттауды өткізуге қажет құжаттарды дайындап, жіберу ұсынылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*