«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Атаулы әлеуметтік көмек

Жаңа ереже бойынша беріледі

0 138

1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50-ден 70 пайызға дейін өсті. Бұл туралы Жұмыспен қамту орталығында ғана емес, аудан әкімдіктерінде де кеңес алуға болады.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – бұл әлеуметтік жағынан аз қамтылған, күнкөріс деңгейі төмен және көпбалалы отбасыларға берілетін қаржылай төлем. Елорда әкімдігінде айтылғандай, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі жеңілдетілді. Ол үшін тек АӘК алу жөнінде өтініш жазып, жеке куәлік (әр отбасы мүшесінің) тапсырсаңыз болғаны.
АӘК жөнінде кеңес алу үшін Жұмыспен қамту орталығы мен аудандық әкімдіктерге бару қажет.
Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы:
Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» іскерлік орталығы.
Алматы аудандық әкімдігі:
Тәуелсіздік даңғылы, 7.
Байқоңыр аудандық әкімдігі:
Брусиловский көшесі, 17/3.
Есіл аудандық әкімдігі:
Қабанбай батыр даңғылы, 33.
Сарыарқа аудандық әкімдігі:
Сарыарқа даңғылы, 13.
Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қосымша төмендегі мекенжайларда орналасқан ХҚО-да да қызмет көрсетеді:
Есіл ауданы – № 1 бөлім, Мәңгілік Ел даңғылы, 30; ­ №2 бөлімі Сауран көшесі, 7;
Алматы ауданы – №3 бөлім, Достық көшесі, 13; № 4 бөлім, Тәуелсіздік даңғылы, 32;
Байқоңыр ауданы – № 5 бөлімі, Абай даңғылы, 80;
Сарыарқа ауданы – №6 бөлім, Сейфуллин көшесі, 22-үй; № 7 бөлім, С409 көшесі, 13; № 8 бөлім, Республика даңғылы, 43.
Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатын әлеумет үшін «Жедел желісі» де ашылды. Онымен қоса Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы да жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік бар.
«111 бірыңғай байланыс орталығына телефонмен де, Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы да хабарласуға болады. Операторлар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қандай құжат қажет екенін, АӘК-тің жаңа форматына өтініш қабылдау қашан басталатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді» деп хабарлады «Астана Innovations» компаниясының баспасөз қызметі.

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Атаулы әлеуметтік көмек тұрғысындағы жұртшылық тарапынан көп қойылатын сұрақтарға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Қанат Құлышманов жауап берді.

    1. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған үлгісі бойынша өтініш қабылдау қашан басталады? Қайда жүгіну керек?  

 – Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша өтініш қабылдау биылғы 1 сәуірде басталды. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығы мен аудандық әкімдерге бару керек.

2Қандай құжаттар қажет? 

 – Өтініш пен жеке куәлік жеткілікті. 

3. АӘК алу үшін тұрып жатқан мекенжайға тіркелу керек пе?

 – Иә, АӘК тағайындау үшін міндетті түрде тұрғылықты мекенжай бойынша немесе уақытша тіркеуде тұру қажет. 

4. Жәрдемақы алу үшін бір шаңырақ астында тұрып жатқан туыстардың да кірісінің есептелетіні рас па? Бұл норма алдағы уақытта әлі де қарала ма?

– Отбасы мүшесі ретінде тек жақын туыстар ғана есептеледі: ата-анасы, балалары, бала асырап алушылар, асыранды бала, үй иесінің туған және туысқан аға-бауыр, әпке-қарындасы, атасы, әжесі, немересі.

5. Жәрдемақы алу үшін отбасындағы әр адамның табысы қанша болуы шарт?

– Егер жанұядағы бір адамның айлық табысы 21572 теңгеден аспаса, онда ол отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленуі тиіс. Жалпы, кәмелеттік жасқа толмаған балаға 21572 теңгеден шығады. Ал ересектерге АӘК критерийінің мөлшеріне және орташа күндік кіріс айырмашылығына қарай төленеді.

6. 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеген кезде қандай кірістер алынып тасталады? 

  – Отбасының жалпы табысын есептеп, АӘК тағайындаған кезде мына кіріс­тер есептелмейді:
1) 4 немесе одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы;
2) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін жәрдемақы;
3) баланың мүгедектігіне берілетін жәрдемақы;
4) студенттердің шәкіртақысы;
5) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер. 

7. Неше жастағы балалар АӘК ала алады? 

– АӘК алушыларға арналған жаңа механизм бойынша 21572 теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Егер кәмелетке толған балалар колледж немесе университетте күндізгі бөлімде білім алып жүрсе, АӘК олардың оқуын аяқтағанша, яғни 23 жасқа дейін төленеді. 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды