«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Атақты теннисшілер елордада мастер-класс өткізді

0 14

Әлемнің үздік теннисшілері Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтанға келіп, «Барыс-Арена» стадионында мастер-класс өткізіп, қайырымдылық матчына қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды Ақордада қабылдап, ризашылығын білдірді.Бұл – қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан ­Назарбаев Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өтетін қайырымдылық матчын тамашалады. Екі теннисшіге алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Өз кезегінде Джокович пен ­Надаль Қазақстанның Тұңғыш ­Президентіне өз қолтаңбалары бар футболкаларды тарту етті. Қайырымдылық матч нәтижесінде жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады, сондай-ақ өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды