«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астананың» аты озып тұр

0 84

Белгілі «Тур де Франс» веложарысында «Астана» командасы қатарынан екі кезеңде   жеңіске жетті.

Алдымен 14-кезеңде «Астананың» велошабандозы Омар Фраиле Манд қаласындағы қашықтықты ең бірінші болып бағындырды. Оның ізін ала француз Жулиан Алафилипп пен бельгиялық Джаспер Стюйвен келді.
«Тур де Франстың» кезеңінде жеңіске жетсем деген арманының орындалғанына шын қуанған Омар бұл жетістігін жақында бақилық болған Денис Тенге арнайтынын жеткізді. Осы кезеңді «Астана» командасының барлық мүшелері әйгілі мәнерлеп сырғанаушыны еске алу белгісі ретінде қара лента тағып бастады.
Одан кейін 15-кезеңнің мәресі Каркасон қаласында қиылды. Тұғырда бірінші болған – тағы да «Астана» велошабандозы. Командасына екінші жеңісті сыйлаған – Мангус Корт.
Мийо қаласынан бастап 181 километрге созылған жарысты Корттан кейін испан Ион Исагирре мен голландиялық Бауке Моллема қорытындылады.
Ал жалпы есепте «Астана» командасынан Якоб Фульсанг 9-орында келеді.
Франциядағы бұл гранд-тур 29 шілде күні аяқталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды