«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астаналық нарық – жақсы инвестициялық алаң

0 28

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс материал­дарын өндірумен айналысатын «Mesa Holding» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада инвесторларды тарту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалатынын атап өтті.

Кездесуде әкім Нұр-Сұлтанда құрылыс нарығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Халық арасында қолжетімді тұрғын үйге үлкен сұраныс бар. Жыл сайын қалада 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуда. Сон­дықтан астаналық нарық әлемге танылған «Mesa Holding» компаниясы үшін жақсы инвестициялық алаң бола алады.
Өз кезегінде әлеуетті инвестор – «Mesa Holding» компаниясы елорданың Индустриалды паркінің аумағында құрылыс материал­дары мен жабдықтарын шығаратын зауыт салуға мүдделілік білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды