«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 11

Астана

Елордада бүгін Қазақстан ауыл әйелдерінің алғашқы форумы басталады. Оған жергілікті атқару­шы органның, білім беру және әлеуметтік ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдері, ауыл және аудан орта­лықтарындағы кәсіпкерлер қатысады.

Алматы

Оңтүстік мегаполисте BRT же­лі­сіне жаңа автобус-гармошкалар шықты. Қалада жолаушылар санының артуына байланыс­ты осы желіде жаңа №205 бағыт ашылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы

Астықты аймақта күзгi жиын-терім науқаны аяқталды. Биыл облыс егіншілері қамбаға 5,3 млн тонна бидай құйды, орташа өнiмдiлiк гектарына 19 центнердi құрады. Сондай-ақ картоп пен көкөнiстен де мол өнім жиналды.

Талдықорған

Алматы облысының орталы­ғында 510 орындық жаңа драма театрының ғимараты пайдалануға берілді. Ол қалада басталған Орта Азия елдерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VII халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келді.

Қостанай облысы

Өңірде тұрғын үй құрылысының көлемі екі есеге артты. Биыл мұн­да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 290,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Енді жыл соңына дейін тағы 63,3 мың шаршы метр үй тапсырылады.

Түркістан

Облыс орталығындағы наубай­хана күніне 50 мың дана нан шы­ғаратын қуаттылыққа жетті. Қа­зір «Яссы-нан» ЖШС нанның 40 тү­рін, шұжық өнімінің 15 түрін да­йындайды.

Ақтөбе облысы

Ойыл ауданында «Анаға тағ­зым» атты форум өтті. Оған көрші­лес Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ жергілікті аудандардан арнайы делегаттар қатысты. Шара аясында аяулы аналарға құрмет көрсетіліп, ме­рекелік дастарқан жайылды.

Қызылорда облысы

Белгілі боксшы Марина Вольнова «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атанды. Оған бұл атақты аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тапсырды. Ал спортшы әлі де ел сенімінен шыға беретінін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында «Мен қазақша сөйлеймін» атты шара республикада бірінші болып басталды. Ол Бородулиха ауданында қанат жайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды