«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 102

Астана

Астанаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағы үшін бәсекелесуге 10 елден 18 жастан 27 жас аралығындағы 19 қатысушы жиналды. Байқау­дың мақсаты – қатысушы елдер арасында туризм мен мәдениетті дамыту.

Түркістан облысы

Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь және мектеп жанында 905 лагерь жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда қала сыртындағы лагерьлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды.

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен ауылшаруа­шылық өнімдерін, тұқым, ауыл шаруашылығы техникаларын, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды сатып алуға, сатуға немесе айырбастауға және қызметтерді пайдалануға болатын «Агробиржа» интернет-ресурсы іске қосылды. Жақын арада мобильді қосымшасы шығарылады.

Қостанай қаласы

Қостанай қаласында триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бо­йынша бірінші орынды АОСК-ның «Барлау» командасы жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар армиялық «Айбын» және «Жауынгер» командаларына бұйырды.

Қарағанды облысы

Жезқазған қаласында жұмысшылардың киімдері цифрландырылып жатыр. Тігін кәсіпорны жаңа технологияның көмегімен әрбір киімге чип енгізуде. Оған жұмысшы туралы жеке мәліметтер жазылатын болады. Жергілікті мамандар ойлап тапқан компьютерлік бағдарлама чиптерді оқиды, өңдейді, тұрған жерін анықтайды және сол бо­йынша есеп дайындайды.

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы Сәтбаев ауылының 50 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Екі күнге созылған мерейтой барысында аламан бәйге мен волейболдан жарыс ұйымдас­тырылып, Қуандық Рақым, Апош Сарбаз, Қаржыға Ильтанов сынды эстрада жұлдыздарының гала-концерті өтті.

Павлодар облысы

Екібастұз қаласының Қаражар ауылы маңындағы Әулиекөл жағасында дарынды дала бұлбұлы, қазақ музыка өнерінің шоқ жұлдызы Естай Беркімбаевтың 150 жылдығы атап өтілді. Мерейтойға барлығы 3 мыңға жуық адам қатыс­ты. Арнайы 30 киіз үй бой көтерді. Зиялы қауымның шығармашылық диалог алаңы, өнерпаздардың концерті және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды