-->

Астанадағы вокзал маңы алаңында ақылы тұрақ енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде

2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап елорданың вокзал алаңындағы аумақта тұрақ ақылы болады. «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасы аясында енгізілетін ақылы тұрақ вокзал алаңындағы аумақта көлік құралдарының айналымын 30-40 пайызға көбейтуге, қоғамдық көлікке сұранысты 15-20 пайызға арттыруға, вокзал алаңындағы ауданда жол желісіне түсетін жүктемені 20-30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жүйе жол қозғалысы ережесінің бұзылуын 70-80 пайызға азайтуға септігін тигізеді.   

kbb_7665

Ақылы тұрақты енгізуге дайындық жұмыстары аяқталуға жақындады.
Автотұрақ аумағында 250-ге жуық машина қоюға болады, оның ішінде 9-ы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы бөлінген орындар және 20-ға жуық орын ресми таксомоторлы кәсіпорындардың өкілдері үшін қарастырылған.
Тұрақтаудың алғашқы 30 минутында ақы алынбайды, екі сағатқа дейін 200 теңге, 12 сағатқа дейін 1000 теңге, 24 сағатқа дейін 1800 теңге, екінші тәу­лікке 2000 теңге төлеу қажет. Сондай-ақ вокзал маңы аумағында 100 орынды тегін баламалы автотұрақ жұмысын жалғастырады.
Тұрақта көлік құралын орналастыру үшін ақы паркомат арқылы іске асырылады, олар теміржол вокзалының ескі және жаңа ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Билетті жоғалтқан жағдайда автокөлік иелері, ескі теміржол вокзалының екінші қабатындағы ASTRA Park әкімшілігіне жүгіне алады.
Алғашқы уақытта есептесу қолма-қол ақшалай қаражатпен іске асырылады, одан кейін жүйеге банк картасымен және мобильдік қосымша арқылы төлеу қызметін қосады.
Вокзал алаңының барлық тұрақ зоналары бейне­бақылау камераларымен жабдықталған, аумақтағы тәртіпті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қада­ғалайтын болады. Ақылы тұраққа кірер кезде уақыт пен қозғалысты есептейтін автоматты жүйе, сондай-ақ нөмірлік белгіні автоматты түрде анықтау жүйесі орнатылған. Бұл жүйелер тұрақтағы автокөліктерді заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.
Проблемалар туындаған жағдайда, жүргізушілер байланыс орталығының операторымен 574-777 телефоны бойынша немесе паркоматта немесе тұрақтың кіреберіс пен шыға беріс аумағындағы орналасқан терминалда «Операторды шақыру» түймешесін басу арқылы оператормен байланысқа шыға алады.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*