«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадағы алғашқы жеңіс

0 42

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 есебімен басым түсті.

Астаналықтар ә дегеннен әбжілдік танытып, ойын тізгінін өздері ұстады. Әсіресе, команда сапынан Джастин Картер ерекше көзге түсті. Ол бірінші кезеңнің бел ортасына жетпей жатып 10 ұпай жинап үлгерді. Одан соң шабуыл шебіне Леонидас Каселакис дем берді. Сөйтіп, алаң иелері қарсыласынан 10 ұпай алға ұзады.
Кездесудің екінші кезеңінде осы қарқындарынан қайтпады. Үшінші кезеңде де 26:14 есебі тіркелді. Қонақтар соңғы кезеңде ғана 15:26 есебімен айтарлықтай алшақтаған арақашықтықты қысқартып, «тұяқ серпіді».
Ал қорытынды есепте елордалықтар 17 ұпай айырмашылы­ғымен жеңіске жетті. Ойынның үздігі болып Леонидас Каселакис танылды. Ол 25 ұпай жинап, ең нәтижелі ойын көрсеткен форвард атанды. Одан кейін Джастин Картер 20 ұпаймен ерекшеленсе, Ларри Гордон 16 ұпай еншіледі.
Бұл жеңіс – «Астананың» бұл мау­сымдағы екінші және өз алаңындағы алғашқы жеңісі. Енді келесі кездесуін 10 желтоқсан күні «Сарыарқа» велотрегінде «Локомотив» командасына қарсы өткізеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды