Суббота, 19 Август 2017
-->

Астанада ЖРВИ мен тұмаудан эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елордада ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында аурудың таралуына күн сайын мониторинг жүргізіледі.

c

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, соңғы аптада жағдай тұрақталды, ауру ошағы байқалмайды.

Қаңтардың 4-і мен 11-і аралығында жедел жәрдем пунктіне азаматтардан келіп түскен өтініштердің орташа саны тәулігіне 350–400 шақыруды құрайды, бұл 2016 жылдың қараша-желтоқсан айларындағы көрсеткіштен (700 артық) екі есеге аз.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына өз бетінше емделудің қауіпті екендігін ескертеді. Аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай мамандардың тұрақты бақылауында.

astana.gov.kz.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*