АСТАНАДА ҚАР ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Елордада бүгін қар жинауға 1345 техника шықты, – деп хабарлайды  Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне «Астана Тазалық» ЖШС хабарлады.

«Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, «Астана Тазалық» ЖШС 11 787 текше метр, «Астана-көгалдандыру құрылысы»АҚ 2 159 текше метр және мердігер ұйымдармен 20 281текше метр қар шығарылды», – делінген хабарламада. Әкімдіктегілердің мәліметінше, жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника жұмылдырылды.  Соның ішінде Алматы ауданынан – 557, Сарыарқа ауданынан – 343 және Есіл ауданында 445 техника тартылды. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар. Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды. Айта кетейік, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Сонымен қатар

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУГЕ – 70 МЛРД ТЕҢГЕ

 «Елбасының бүгінгі халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру үшін бюджетті тағы бір нақтылау қажет» деді бүгін …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған