«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанада «Қамқорлық» қайырымдылық шарасы өтуде

0 30

Астана қаласының білім басқармасы «Қамқорлық» қайырымдылық шарасын өткізеді. Шара әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қол ұшын созуға бағытталған.

c-4

Акция барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасыларға барып, мектепке бармайтын оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен қатар білім беру ұйымдары сынып сағаттарын, түрлі жиындар, қайырымдылық шаралары мен жәрмеңкелер ұйымдастырады.

2016 жылы «Қамқорлық» шарасы барысында елордада жалпы сомасы 19 143 334 теңгеге 2 848 балаға көмек көрсетілді. 2970 мұғалім 70 785 үйді аралады, деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасы.

Көмекке мұқтаж балаларға кез келген ниет білдірген жандар қол ұшын соза алады.

astana.gov.kz.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды