«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанада әлем чемпионаты өтеді

0 43

Елордада 4-15 наурыз аралығында әлем­нің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын классикалық шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы 20 ақпан күні «Сарыарқа» велотрегінде классикалық шахматтан командалық әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ғимаратында өтеді деп жоспарланған бұл чемпионат Қазақстанда алғаш рет ұйым­дастырылып отыр. Турнирде АҚШ, Ресей, Қытай, Әзербайжан, Иран, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден келген үздік құрамалар мен Қазақстаннан 20 құрама (10 ерлер және 10 әйелдер командасы) бақ сынайды деп күтілуде.
Министр Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, чемпионатта еліміздің құрамасын Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Мадина Давлетбаева, Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко сияқты ең мықты шахматшылар бастайды.
Елімізде шахмат спорты ерекше дамыған. Шахматпен айналысатындар саны қазір 200 мың адамнан асады. Олардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар. Танымал спортшылардан Динара Сәдуақасова, Әнуар Исмағамбетов, Жансая Әбдімәлік пен Дәрмен Сәдуақасовтарды атауға болады.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды