«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадағы 34 колледж жастарды сұранысқа ие мамандыққа даярлауда

0 107

Астананың білім беру жүйесін балабақшалар мен мектептерге қоса, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері құрайды. Бүгінде қалада 34 колледж жастарды сұранысқа ие түрлі мамандыққа даярлауда.

К-3

Бұл колледждердің 12-сі мемлекеттік болса, 22-сі – же­ке меншік. Елордада жалпы 26 722 адам осы оқу орындарында білім алады.
Елбасының тапсырмасы бойын­ша тегін кәсіптік-техникалық білім алуды жүзеге асыру жал­ғасады. Биыл мемлекеттік бі­лім тапсырысымен жергілікті бюджеттен техникалық және қызмет көрсету саласына 4000 орын бөлу жоспарланған. Оның ішінде 1410 орын – жұ­мыс­шы мамандықтары. Бұл орындардың саны өткен жыл­мен салыстырғанда 10 пайыз­­ға көбейген. Былтыр 3636 орын болса, жұмысшы мамандықтарына 1089 орын бөлінген еді.
Қоғамда сұранысқа ие маман­дықтарға жастарды тарту мектептерде де насихатталады. Был­тыр 24 мектепте 2 жыл мер­зімге жоспарланған ерте кәсіптік бейімдеу курстары басталды. Сабақтар шаштараз, тігінші, тәрбиеші, жеке компьютердің операторы, референт-хатшы, бармен және даяшы сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі.

ERM_4666

Ал теориялық білімді тә­жі­­ри­­бемен ұштастыратын дуаль­­ді білім берумен 18 колледж қамтамасыз етілген. Мем­лекеттік тапсырыспен 1464 студент қаладағы 44 кә­сіп­­орында еңбектенеді әрі білі­мін жетілдіреді. Түлектерді тәжірибеден өткізу мен жұмысқа орналастыру бойынша 53 ке­лісімшарт пен 9 меморандум жасалған.
Сонымен қатар, жастардың «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге атсалысуы үшін Астананың 5 колледжінде ағылшын тілін үйретуге басым­дық берілген.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды