«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанада № 29 және №76 бағдарлардың қозғалыс сызбанұсқасы өзгерді

0 18

Елордалық Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, қаланың бағдарлық желісін оңтайландыру аясында 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап № 29 және № 76 бағдарлардың қозғалыс сызбанұсқасына келесідей ішінара өзгерістер енгізілетін болады.

№29-бағдар соңғы «Дархан» балабақшасы аялдамасынан – «Астана-Қарағанды тас жолы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Төлебаев көшесіне бұрылмай, Абылай хан даңғылының бойымен жүреді.

Кері бағытта өзгеріссіз.

025b2760852a19316bf6fe810df

№76-бағдардың қозғалысына келесідей өзгерістер енгізілді:

Соңғы «Азамат» шағын-маркеті аялдамасынан – «Балқантау көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай бағдар Балқантау көшесіне бұрылмай, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді.

Кері бағытта соңғы «Рита» дүкені аялдамасынан – «Мереке» СҮ аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Балқантау көшесіне кірмей, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді.

888888

Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша 574-777 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласа алады.

astana.gov.kz.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды