«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана» жеңіспен бастады

0 29

Өткен аптаның соңы елімізде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры басталды. «Астана» командасының алғашқы қонағы «Ақтөбе» болды.

«Астана Аренада» өткен бұл ойынды тамашалауға 10 мың жанкүйер жиналды. Көпшілік алдымен күтпеген жерден ақтөбеліктердің голына куә болды. 3-минутта алаң иелерінің қателігін Абат Айымбетов голға айналдырды. Дегенмен «Астана» көп ұзамай таразы басын теңестірді. 20-минутта айып добын орындаған Марин Томасов сол аяғымен қақпаның сол жақ бұрышын дәл көздеді. Осы Томасовтың 33-минутта Юрий Логвиненконың басына қойып берген добы қақпадан табылды. Ал 39-минутта тағы сол Томасов өзінің үйреншікті қапталынан доппен жүгіріп келіп, екінші голын соғып кетті.
Екінші тайм біріншідей нәтижелі бола қойған жоқ. Бірақ елордалықтар ойын нүктесін соңғы 94-минутта Юрий Перцухтың голымен қойды.
Бұл жеңіспен «Астана» «Ақтөбемен» болған ойындардың жеңіліссіз сериясын 17 матчқа жалғады. Оның 12-сі жеңіспен аяқталса, бесеуінде тең нәтиже тіркелген.
Ел біріншілігінің қалған матч­тарына келсек, Алматының «Қайраты» «Таразды1 2:0, Қостанайдың «Тобылы» Павлодардың «Ертісін» 3:0, Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қарағандының «Шахтерін» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ Талдықорғанның «Жетісуы» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 5:1 есебімен бағындырса, «Атырау» сырт алаңда Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 етіп жеңді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды