«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана жаһандық көрме өткізді

0 81

Биыл елордада қыркүйек айының 18-20 күндері «PATA Travel Mart» атты халықаралық көрме.

Халықаралық көрмені өткізу туралы келісім PATA (Pacific Asia Travel Association) президенті, доктор Марио Харди және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзем­баев арасында жасалып, қол қо­йылды.
«Көрме өткізуді Азияның ірі қалаларының ішінде Астананың жеңіп алуы, оның іскерлік және туризм бойынша мәртебесінің жоғарылығын көрсетіп отыр. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 1200 қауымдастық мүшесі келеді. Аталған шарадан соң шетел туристерінің біздің елге деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдеміз» деді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев. Халықаралық көрме Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» АҚ-тың ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды