«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана – заманауи қала

0 49

Заманауи дәуірдегі қалалық даму мен сәйкестілік тақырыбы, сондай-ақ ғаламдық қаланың қалай болу керектігін айтқан ресейлік белгілі урбанист, әлеуметтік жобалау сарапшысы Святослав Мурунов Астана туралы өзінің пікірімен бөлісті.

Мәскеулік сәулетші осыған дейін Қазан, Сочи, Саратов, Ярославль, Калуга сияқты қалалардың жобасын жасаған. Ал қазақ елінің елордасында бір емес, бірнеше рет болған ол Астана қаласын пост-кеңестік кеңістіктегі елдерге үлгі екенін атап өтті.
– Шын мәнінде, қаланың саябағы – енді саябақ емес, бұл – шығармашылық кластер. Университет – бұл ғимарат емес, күрделі ғылыми бірлескен қызмет; мұражай – ұжымдық тәжірибе, рефлексия; кино – білім беру; кітапхана – әлем бейнесін құрылымдау және тағы басқалар. Барлық мемлекеттік мекемелер – тұрақты қалалық даму үшін бұрын-соңды болмаған маңызды нысандар. Осыған орай, Астана – қоғамдық кеңістікті дамыту стратегиясы, қала тұрғындарын тәрбиелеу, қоғамдық кеңістікті қайта қараудағы өзінің ерекше және заманауи көзқарас қалыптастырудағы алғашқы қалаларының бірі, – деді С.Мурунов.
Сонымен қатар ол модерация, әлеуметтік және семантикалық жобалау, әлеуметтік-мәдени орталықтар мен қоғамдық орындар туралы мәселелердің қазіргі уақытта қызу талқыланып жатқанын сөз етті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды