-->

Астана» сұрмергені – Кабананга

1451965-asli

«Астана» футбол командасының шабуылшысы конголық Жуниор Кабананга Африка кубогының сұрмергені атанды. Камерун құрамасы топ жарған турнир барысында «астаналық» футболшы қарсыластар қақпасын үш рет дәл көздеді.

Ал жаңа маусымға дайындық жүргізіп жатақан «Астана» жексенбі күні кезекті оқу-жаттығу жиындарына атта­нып кетті. Түркияда 22 ақпан­ға дейін жалғасатын жаттығу барысында Қазақстан чем­пиондары бес жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Ертең «Астана» украиналық «Александрия» командасымен кездеседі. 11 ақпанда – «Железничар» (Босния және Герцеговина), 14 ақпанда – «Заря» (Украина), 17 ақпанда – «Олимпия» (Словения), 21 ақпанда – «Арсенал» (Тула) командаларымен ойнайды.
Станимир Стойлов командасында едәуір өзгерістер де орын алып жатыр. Атап айтқанда, Каньяс «АПОЭЛ» командасына жалға берілсе, жазда Максимович Испания чемпионатына аттанатын болып отыр. Ал команда құрамына беларуссиялық Иван Маевский, румыниялық Аздрен Лулаку және қазақ­стандық Дидар Жалмұқан мен Роман Мұртазаев сынды футболшылар қосылып отыр. Қазір Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарының қорытындысында тағы басқа да ойыншылар командаға қосылуы мүмкін.
Биылғы футбол маусымы 4 наурызда ашылады. Бұл күні «Астана» мен «Қайрат» ел Суперкубогын сарапқа салатын болады. Ал Қазақстан чемпионаты 8 наурыз күні басталатын болды. Бұл күні «Астана» Шымкент қала­сында «Ордабасы» командасымен сынға түседі.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*