«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана» шыңына шығады

0 99

Елорданың 20 жылдығына орай халықаралық альпинистер тобы еліміздегі 20 тау шыңын бағындыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда оның ең соңғысы – атаусыз. Жиырмасыншы шың бағындырылған соң оған «Астана» деген атау беріледі.

Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз турында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлімдеді. «Біздің компания тау шыңдарына шығудың арнайы бағдарламасын ұсынды. Бүгінде ұйымдастыру жұмыстарымен айналысудамыз. Ең соңғы бағындырылған шыңға «Астана» атауын береміз. Шараға аты әлемге әйгілі альпинистермен қатар біздің спортшыларымыз да қатысады. Бұл еліміздің таңғажайып табиғатын күллі әлемге паш етуге зор мүмкіндік» деді бас­қарма төрағасы.
Сонымен қатар, Италия мен Польша елдеріне ортақ атақты саяхатшы Яцек Палкевич жаңадан «Жібек жолын» жүріп өтпек. «Саяхатшы бұл сапарын елорданың 20 жылдығы мен Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына арнамақ. Жиһанкез Қытайдан бастап, Қазақстан арқылы Орта Азияға, Ресейге және Белоруське дейін жетіп, Польшада тоқтамақ. Яцек жолшыбай Астана арқылы Бурабайды да кесіп өтеді» деп жоспарлармен бөлісті Рашид Күзембаев.
«Kazakh Tourism» ұлттық компа­ния­сы аталған іс-шаралардың барлығы еліміздің туризм саласын да­мытуға елеулі үлес қосатынына үмітті. Айта кетейік, ақпараттық қол­дау ретінде экспедиция құрамына бір топ қазақ блогерлерін шақыру жоспарлануда.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды