«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астана – Шүкірдің көзімен

0 58

Белгілі фотосуретші Шүкір Шахайдың «Астана – жан жүрегім» аталатын кезекті фотоальбомы жарық көрді. Осыған дейін ол «Тәуелсіздік: қас-қағым сәт», «Тәуелсіздік», «Астана – 10 жыл», «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Суретші көзімен» және басқа егемен ел тарихынан, еңселі елорданың қалыптасу кезеңдерінен сыр тартатын 14 фотоальбом шығарды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бұл он бесінші фотоальбомы Астананың 20 жылдығына арналған.


Фотоальбом «Астана – Қазақстанның жаңғыруының символы, көпұлтты мемлекет пен ондағы ерік-жігердің символы. Бұл – елдің қиын-қыстау кезеңдерінде жарқын болашаққа деген берік сеніммен батыл қадамдарды атқаруының жемісі. Бұл – ұлттың сенімі мен үмітінің, еркіндік ала отырып болашақтағы жетістіктерге деген сенімнің символы» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен ашылады.
Әрі қарай фотосуретші елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі қабылдаған тарихи шешімінен бастап, Астананың бүгінге дейінгі өткен жарқын жолы туралы баяндайды. Соның ішінде елорданың әлемдік аренадағы жетістіктерін, өндірістегі, экономикадағы ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіштерін сөз етеді.
Әрине, бұл фотоальбом жайлы көп сөз айтпай, оны көзбен көру керек. 320 беттен тұратын көлемді еңбекте сан алуан фотосурет жинақталған. Фотоальбом елорда мерейтойына тамаша тарту болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды