Четверг, 29 Июнь 2017
-->

Астана қаласы бойынша 1500-ден астам бейнебақылау жүйесін орнату жоспарда бар

Еліміздің құқық қорғау органдары бірлесе отырып, ұрлықты азайту мақсатында «Ұрлықты тоқтату» жобасын жүзеге асыруға кірісті.

4

Осыған орай, Астана қаласының прокуратурасы тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге кірісті. Көшедегі, қоғамдық орындардағы, мекемелердегі, жеке жайлардағы және көп қабатты үйлердегі қылмыстардың алдын алу мақсатында бірталай шараларды қолға алды.
Айта кеткен жөн, Бас прокуратура, ІІМ және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арасында келісімшарттар дайындалуда. Оның бірі – «Бұлтты бейнебақылау» деп аталады. Жоба аясында 2016-2018 жылдар аралығында еліміз бойынша 28 мың көп қабатты үйлердің алдына бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған. Абоненттік төлемақыны компания өз есебінен жүргізеді. Ал, Астана қаласы бойынша 1500-ден астам бейнебақылау жүйесін орнату жоспарда бар. Ерекшелігі – пәтер иелері өз үйлерін онлайн режим арқылы көріп отыратын болады.
Тағы бір артықшылығы, бақылау жүйесінің үлкен көлемдегі мәліметтерді сақтауға мүмкіндігі бар. Осыған байланысты компания барлық бейнебақылауларды бір орталықтан басқаруға қосып, мәліметтерді сақтау туралы мәселені реттеуде.
Оның нәтижесін әрине, уақыт көрсетеді. Дегенмен, мамандардың пікірінше, бейнебақылау камераларын көбейту арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік мол әрі аталмыш видеотүсірілімдер бұлтартпайтын дәлелдеме болатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда Астанада ұрлықтың саны 3 пайызға азайған.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*